Ақтөбелік полиция қызметкері жекпе-жектен Еуропа кубогіне қатысады


Ақтөбедегі ішкі іскер органдарының арнайы жасағында қызмет ететін Айдын Төлепбаев жекпе-жектен Қазақстан чемпионы атанды. Ол Еуропа кубогіне қатысады.

Астананың 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған Қазақстан кубогі ақтөбелік полиция қызметкері үшін сәтті аяқталды. Ол 75 келі салмақта Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды.

«Бала кезімнен спортпен айналыстым, мектепте жүргенде күреске қатыстым. Кейін жекпе–жекке ден қойдым. Жекпе-жек күресіндегі бапкерім Айбек Шоқпытов болды. Осыған дейін түрлі жарыстарға қатыстым. Өткен жылы желтоқсанда ҚР Жоғары Бас Қолбасшысының Кубогіне қатысып, 75 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атандым. Күніне екі мезгіл жаттығамыз. Ендігі мақсатым — Еуропа чемпионатына,одан әрі Әлем кубогына қатысу», — деді спортшы Айдын Төлепбаев.

Айта кетейік, Айдын Төлепбаев ішкі істер органдары саласында 2013 жылдан бері жұмыс істеп жүр. Алғашында жол-патрульдік полициясында инспектор болып еңбек етті. Кейін арнайы жасақ құрамына алынды. Жекпе-жек жеңімпазы алдағы уақытта Белоруссияда Минск қаласында өтетін Еуропа чемпионатына қатысады.

Пікір қалдырыңыз