Ақтөбеде Жансүгіров шығармалары оқылады


Ақтөбелік мектеп оқушылары Ілияс Жансүгіровтың шығармаларын оқудан бәйгеге түспек. Прозаларды үздік оқыған оқушы республикалық шарада бақ сынайтын болады.

Шараны «Ақтөбе — Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы ұйымдастырып отыр.

«Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, Ілияс Жансүгіровтың прозалық, драматургиялық шығармаларымен және ғылыми зерттеулерімен танысып, ол туралы өз ой-пікірлерін қалыптастыру мақсатында бүгін Ілияс Жансүгіров оқуларының облыстық кезеңін өткізеді. Дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін облыстық кезеңге аудан, қала мектептері мен облыстық білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары қатысады», — дейді ғылыми орталық мамандары.

Облыстық кезеңнің 4 бөлімі бойынша үздік шығармашылық өнер көрсеткен жеңімпаз оқушы Алматы облысында өтетін республикалық І.Жансүгіров оқуларына қатысатын болады.

Пікір қалдырыңыз