Ақтөбеде «Атамекен» мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік бірлесіп жұмыс істейтін болды

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының арасында бірігіп жұмыс атқару мақсатында жол картасына екі жақты қол қойылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Екінші мәрте өткізіліп отырған форумның тиімділігі денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сатып алу, жер қатынастары және басқа салаларда өз көмегін беріп келеді. Екі жақты жүргізілген жұмыстар нәтижесінде заңсыз әрекеттерге байланысты оқиғалар саны азайған.

«Бұрын 3 жыл бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия қабылданып оның шеңберіндегі заңнама толықтай қайта қалыптастырылған болатын. Бүгін екінші рет өткізіліп отырған кәсіпкерлер форумының қорытындылары оң нәтиже беруде. Бизнес саласында жемқорлыққа қарсы жаңа бастамаларға бастау болатынына сеніміміз мол», — деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Қайыржан Токушев.

Форумға 100 аса қатысушылар, соның ішінде мемлекеттік оргадардың басшылары, шағын, орта, және ірі бизнес өкілдері қатысты.

Пікір қалдырыңыз