Ақтөбе әкімдігіндегі полицейдің өлімі: ІІД жаңа деректерді жариялады


Ақтөбе облысы Ішкі істер департаментінің өкілдері қалалық әкімдіктегі полицейдің өліміне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақтөбе облысының АКҚБ (арнайы күзет қызметі басқармасы) инспекторының өзіне қол салу дерегі бойынша тергеу жүріп жатқаны хабарланды.

«Ақтөбе қаласы әкімдігі ғимаратында түсірілген видеожазбаны зерттеу кезінде Қарымсақов 17:16-да кіріп, 17:24-те табылғанға дейін бақылау өткізу пунктінде бөгде тұлғалардың болмағаны анықталды. Баллистикалық сараптама қорытындысы оқтың табельді қарудан атылғанын көрсетіп отыр. Қарымсақовтың оқиға кезіндегі психикалық саулығын анықтау мақсатында сот-психиатриялық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр», — дейді ІІД өкілдері.

Мұның алдында төтенше жағдайдың 2018 жылдың 8 қаңтарында болғаны хабарланған. Көз жұмған Қарымсақов Байбек 34 жаста болған. ІІБ-де ер адам 2010 жылдың мамырынан қызмет етіп келген. Марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды.

Пікір қалдырыңыз