«Ақтөбе» футболшысы түскі асқа небары 14 мың теңге жұмсағандарын айтып, мақтанды (фото)

«Ақтөбенің» футболшысы Фабрицио Сильва Дорнеллас Қазақстанда түскі ас ішудің өте арзанға шығатынын жазған деп хабарлайды prosports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бір қызығы, оның «арзан» деп отырған түскі асына 14 333 теңге кеткен. Ол чектің суретін Instagaram-дағы парақшасына жариялады.

Бұл суретіне ол «Бұл жерде өте арзанға тамақтандық» деген жазба қалдырыпты.

Бұл чектің нақты қай жерде түсірілгені белгісіз. Бірақ «ақ-қызылдар» негізгі құрамының футболшылары қазір Ақтөбеде жаттығып жүр.

Жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салынғандықтан, ҚПЛ-дың 1-ші турындағы «Қайсарға» қарсы матчқа тек ақтөбелік жас футболшылар аттанды.

Пікір қалдырыңыз