наурыз 12, 2018

Қарызға белшесінен батқан "Ақтөбе" футбол командасы жанкүйерлерден қаржылай көмек сұрап жатыр

Клубтың бас директоры Самат Смаков ақшаны достарынан қарызға алуды бастаған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Клуб жанкүйерлері команданы қиын сәтте қолдау үшін шот ашу керектігін айтып жатыр. «Жиналатын қаржы жөніндегі ақпарат ашық болуы тиіс. Түскен қаржыны тек Самат Кабирович (Смаков — ред.) қана басқара алатын болады. Клубтың жалғыз еместігін көрсетеміз. Соңында көмектескен адамдардың тізімін жариялаймыз», — деп жазылған жанкүйерлер тобының бірінде. Жуырда жанкүйерлерден түсетін қаржыны қабылдайтын шоттың ашылатындығын клубтың өкілі растады.

"Бақытты бала": Ақтөбеде колледж студенттері балаларға сенсорлы үй жасап береді

«Бақытты бала» жобасы аясында барлығы 588 сенсорлы үй жасалады. Қазіргі уақытта ғылыми-тәжірибелік орталық мамандары сенсорлы үйдің үлгісін дайындап жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбеде «Бақытты бала» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы мен бос уақытын тиімді өткізугіне арналған жұмыстар қолға алынды. Ақтөбе облыстық білім басқармасы әрбір колледж, кәсіптік орта оқу орындарының студенттеріне сенсорлы үй жасауды тапсырған. Бірақ алдымен ғылыми-тәжірибе орталығының мамандары үлгісін жасап, шеберлік сабағын өткізеді. «Қазіргі кезде білікті

Ақтөбедегі жеке емхананың 5 жылдығына орай өтетін ғылыми-практикалық конференцияға Оңтүстік Кореядан профессорлар қатысады

Ақтөбедегі жеке «Дару» емханасының 5 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференция өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Aktobenews.kz тілшісіне емхана жетекшісі Ғалымжан Елеуов хабарлады. «16 наурызда өтетін шараға Оңтүстік Корея, Ресейден профессорлар келеді. Қазан мен Астана қалаларынан ғалымдар келеді деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге, орынборлық дәрігерлер өз ойларын ортаға салмақ», — дейді емхана жетекшісі. Айта кетейік, емхананың 5 жылдығына орай волейболдан жарыс өткізген болатын. Ақтөбе облысының аудандары мен көрші облыстардан барлығы 10

Ақтөбе ХҚКО мамандары жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыруға болатынын хабарлайды

Енді қазақстандықтар жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталында ауыстыра алады. Бұл қызмет Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарының тұрғындарына ұсынылады, деп хабарлайды Ақтөбе ХҚКО баспасөз қызметкері Әсел Мұстафина. «Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЕЦҚ) қажет. Қызмет алушы еgov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін электрондық өтінішті толтырып, ЕЦҚ-мен қол қоюы тиіс. Өтінішпен қоса фотосурет пен қойған қолының скан-суретін де жолдап, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеу керек. Айта кетейік, жүргізуші куәлігінің

Ұлықбек Есдәулет Жазушылар одағының төрағасы болып сайланды

Ақын Ұлықбек Есдәулет Жазушылар одағының төрағасы болып сайланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа төраға Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақстан Жазушыларының кезекті XV Құрылтайында сайланды. Жиынға Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, құрылтай делегаттары, арнайы шақырылған қонақтар, Астана мен Алматының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Айта кетейік, осыған дейінгі төраға Нұрлан Оразалин Жазушылар одағын 1996 жылдан бері басқарып келген еді.

Ақтөбеде жол құрылысының қалыңдығы мен сапасына кез келген тұрғын баға беретіндей бағдарлама іске қосылады

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бюджет қыржысының орынсыз жұмсалмауын қадағалайтын жаңа бағдарлама ойлап тапты. Электронды түрде жұмыс жасайтын бақылау картасында тұрғындар шағымы қаралатын болады. Оның ішінде мемлекет қаржысы жұмсалған және сапасыз құрылыс жүргізілген нысандарған бақылау күшеймек. «Қоғамдық бақылау картасы үш бағытта жүргізілетін болады: біріншісі, әлеуметтік желілер мен Call-орталығы негізінде арнайы әлеуметтік парақшалармен бақылау жұмыстарын жүргізу және оларда көтерілген сұрақтарға он күн ішінде жауап беру сұрағын қарау;

Ақтөбелік ақын Балтабек Нұрғалиев Нұрсұлтан Назарбаевты құдайға теңеді

Ақтөбеден шыққан ақын Балтабек Нұрғалиев Нұрсұлтан Назарбаевты құдайға теңеді. Осыған дейін Президент әулетінің мүшелеріне өлең арнап келген жас ақын кезекті шығармасында Назарбаевты жаратқанға теңейді. ЖҮЗІНШІ ЕСІМІНДЕЙ ЖАРАТҚАННЫҢ «Я не хочу судьбу иную…» А.Фатьяновтың «Когда весна придёт» әнінен Әділет ақ жолындай адал із бар, Әрдайым адал ізден аламыз нәр. Біз деген – шын бақытты Мәңгілік Ел, Данышпан Елбасымыз – Данамыз бар! Нұрсұлтан Ұланына ырза дала, Елменен түсті бірге күн жаңара. Әжесі