Ақтөбе облысында мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарына құрмет көрсетілді

Мереке күні Хромтау жастары мен «Асыл ордам Хромтау» қоғамдық қорының бастамасымен мүгедек балалардың аналарына арнап мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Тағдырға мойымай мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп жүрген аналарға аудан жастары, колледж студенттері әсем ән шырқап, мың бұралып билеп мыңдаған гүлден артық сый-сияпат көрсетті.

«Бұл шара Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен «Бақытты бала» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Қазірде ауданда жұмыс атқарып жүрген «Асыл ордам Хромтау» ҚБ бірлесіп өткізіп отырған шараның негізі мақсаты — анаға деген сүйіспеншілікті арттыру мен жастардың анаға деген құрметін көрсету», — деді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы С.Ә. Есекенова.

Мереке күні аналар балалардың аниматорлармен ойнап шаттанғанын көріп үлкен қуанышқа бөленді. Аталған қоғамдық бірлестіктің төрағасы, мүгедек жан анасы Иманкулова Шынар шарада белсенділік танытқан аналарға алғыс айтып, мерекемен құттықтап, балалардың сауығып кетуін тіледі.

Райбек Сағадат, Хромтау

Пікір қалдырыңыз