Ақтөбе облысында жұмыссыз жүрген әйелдер көп

Жұмыспен қамту мекемесінің мамандары 40 мыңнан астам ақтөбелікті жұмысқа орналастыруға уәде беріп отыр. Өткен жылы тұрғындарды жұмыспен қамтуды мамандар жоспардан асып орындаған екен. Бірақ, аймақтағы жұмыссыздық деңгейі бірнеше жылдан бері 4,8 пайыздан ауытқыған емес. Жұмыссыздар арасында әйелдер көп.

«Облысымызда жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрайды. Республикалық көрсеткіш 4,9 пайыз болатын. 15-28 жас аралығындағы жастардың жұмыссыздық деңгейі 2 пайызды құрайды. Әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 4 пайызды құрап отыр», — дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров.

Мамандар биыл 42 мың ақтөбелікті жұмысқа орналастыруды жоспарлап қойған. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының мәліметінше, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарға тұрғындарды оқыту үшін бюджеттен 365 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінген.W3

Пікір қалдырыңыз