Ақтөбе облысында кәсіпкерлер саны көбеюі үшін жағдай жасала бастады

Ақтөбе облысында кәсіпкерлер саны көбеюі үшін жағдай жасала бастады

Ақтөбедегі жұмыспен қамтуды үйлестіру мекемесінің мамандары 2018 жылы 32,4 мың адамды жұмыспен қамту мақсатында бірқатар шараларды қолға алмақ ниетте. Оның ішінде тұрғындарды қоғамдық жұмыстарға тарту, жастар тәжірибесі, т.б. бар.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы тұрғындарға өз кәсібін ашу үшін мемлекет тарапынан арнайы курстан өтіп, төмен пайыздағы несиенің де қарастырылғанын айтты.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы «Бизнес-Бастау» жобасын іске асырды. Осы жоба аясында 1125 адамды оқыту жоспарланған болатын. Арнайы курсты бітірген 254 адам шағын бизнестерін ашты. Кәсібін жаңа бастап жатқандарға несие алуға да көмек көрсетілді. Жастар тәжірибесінен өткен 3000-нан астам жастың әрбір екіншісі тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға 8000-нан аса адам жұмысқа тартылды. 2017 жылы ұйымдастырылған бос орындар жәрмеңкесінде 405 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 546 адам жастар тәжірибесіне, 430 адам қайта оқу курстарына жіберілді», — басқарма басшысы Қайрат Отаров.

Мамандар биылғы жылы «Бизнес-Бастау» жобасы аясында оқытылатындар санының екі есе артқанын хабарлады. Кәсіпкер болуды армандаған 2231 адам қаржыландыруды үйрететін арнайы курсқа қатысатын болады.

Пікір қалдырыңыз