52 қаза: Өртенген автобус иесінен жауап алынып жатыр

Ақтөбеде 52 Өзбекстан азаматының қазасына байланысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жүргізушілермен қатар автобус иесі де жауап береді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары Айдар Төкеев, орынбасары Ернат Қалиақпаров Өзбекстан азаматтары мерт болған автобус өртіне қатысты тың ақпарат айта алмады. Бұл істі Қазақстан мен Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі, тергеу департаментінің қызметкерлері айналысып жатыр. Дегенмен жергілікті тергеушілер де оқиғаның себебін анықтап жатыр.

«Автобус өртіне қатысты Қазақстан азаматтары жауапқа тартылып жатыр. Қылмыстық істі тергеу жүріп жатқан соң ешқандай да ақпарат бере алмаймыз», — деді облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары Айдар Төкеев. Департамент өкілі арнайы сұраныс хат жолдауын да сұрады.

Айта кетейік, қылмыстық істі тергеу кезінде автобус иесі де тексеріліп жатыр.

Пікір қалдырыңыз