наурыз 7, 2018

Ақтөбе облысында музыкалық білімі бар аудан басшысы мереке қарсаңында өзінің талантын көпшілік алдында алғаш рет паш етті

Ойыл ауданының әкімі Бұлбұл Күзембаева әйелдер мерекесі қарсаңында өнерін паш етті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бүгін Бердібек Сапарбаев өңірдегі белсенді, іскер, үздік әйелдерді құттықтады. Жиынға қатысқан арулар әр салада қызмет атқарады. Солардың бірі — өңірде ауданды басқарып отырған жалғыз әйел Бұлбұл Күзембаева тек қана басқару емес, сондай-ақ, ән айта алатындығын дәлелдеп берді. Ол Бердібек Сапарбаевтың алдында «Анаға сәлем» атты әнін орындады. Айтуынша, бұл шарада оған ән айтуды аяқ астынан тапсырды.

Ақтөбелік полицейлер мереке күні көшеде гүл сатқандарды жазаламауға уәде берді

Халықаралық әйелдер күні көшеде гүл сатып тұрған адамдар жазаланбауы мүмкін. Ақтөбелік полиция қызметкерлері мереке күні нәзік жандыларды құттықтауға асыққан ер азаматтарға түсіністікпен қарауға уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбе өңірлік коммуникациялар орталығында баспасөз мәслихатын өткізген полиция қызметкерлері облыс бойынша қылмыс саны 19 пайызға азайғанын жеткізді. Облыс бойынша қоғамдық орындар қатаң бақылауға алынған. Адамдар көп шоғырланатын орындарда 235 бейнебақылау камерасы тұр. Өткен жылы камера арқылы 97 қылмыс тез арада ашылды. Барлығы

52 қаза: Өртенген автобус иесінен жауап алынып жатыр

Ақтөбеде 52 Өзбекстан азаматының қазасына байланысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жүргізушілермен қатар автобус иесі де жауап береді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары Айдар Төкеев, орынбасары Ернат Қалиақпаров Өзбекстан азаматтары мерт болған автобус өртіне қатысты тың ақпарат айта алмады. Бұл істі Қазақстан мен Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі, тергеу департаментінің қызметкерлері айналысып жатыр. Дегенмен жергілікті тергеушілер де оқиғаның себебін анықтап жатыр. «Автобус өртіне қатысты Қазақстан азаматтары жауапқа тартылып

Нұрсұлтан Назарбаев: Жаһандану заманында қазақ қыздарына тән асыл қасиеттерді сақтап қалуымыз керек

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мерейлі мерекеге орай, «Қазақстан» орталық концерт залында «Көктем шуағы» атты концерт басталды. Концерт алдында Қазақстан Президенті әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады. «Ең алдымен баршаңызды көктем мерейін ала келген тамаша мереке — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн асыл ананы, сүйікті жарды, қадірлі қарындасты мейірімге бөлейтін ерекше мереке екенін білеміз. Қазақта «Ұл туса — ұрпағым өседі, қыз

Ақтөбеліктер Азия чемпионы Нұрислам Санаевты салтанатты түрде қарсы алды

27 ақпан — 4 наурыз күндері аралығында Бішкек қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 2018 жылғы Азия чемпионаты өтті. Чемпионатқа Ақтөбе облысынан 3 спортшы қатысып 2 алтын, 1 қола медальдарын жеңіп келді. Нұрислам Санаев облыс тарихында алғаш рет 61 келі салмақта еркін күрестен Азия чемпионатының алтынын қоржынына байлады. Соңғы рет облыста Азия чемпионы болып 2004 жылы бокстан Галиб Джафаров атанған болатын, арада 14 жылдан соң Нұрислам сол жеңісті қайталады. Нұрислам

Ақтөбе облысында жұмыссыз жүрген әйелдер көп

Жұмыспен қамту мекемесінің мамандары 40 мыңнан астам ақтөбелікті жұмысқа орналастыруға уәде беріп отыр. Өткен жылы тұрғындарды жұмыспен қамтуды мамандар жоспардан асып орындаған екен. Бірақ, аймақтағы жұмыссыздық деңгейі бірнеше жылдан бері 4,8 пайыздан ауытқыған емес. Жұмыссыздар арасында әйелдер көп. «Облысымызда жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрайды. Республикалық көрсеткіш 4,9 пайыз болатын. 15-28 жас аралығындағы жастардың жұмыссыздық деңгейі 2 пайызды құрайды. Әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 4 пайызды құрап отыр», — дейді облыстық жұмыспен қамтуды

Ақтөбе облысында кәсіпкерлер саны көбеюі үшін жағдай жасала бастады

Ақтөбедегі жұмыспен қамтуды үйлестіру мекемесінің мамандары 2018 жылы 32,4 мың адамды жұмыспен қамту мақсатында бірқатар шараларды қолға алмақ ниетте. Оның ішінде тұрғындарды қоғамдық жұмыстарға тарту, жастар тәжірибесі, т.б. бар. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы тұрғындарға өз кәсібін ашу үшін мемлекет тарапынан арнайы курстан өтіп, төмен пайыздағы несиенің де қарастырылғанын айтты. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы «Бизнес-Бастау» жобасын іске асырды. Осы жоба аясында 1125 адамды оқыту жоспарланған болатын. Арнайы курсты