Ақтөбелік сарбаздар алыстағы аналарына арнап хат жазды


Ақтөбе қаласындағы N6655 әскери бөлімінде «Анаға хат» акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Халықаралық әйелдер күніне орай борышын өтеп жатқан 100 сарбаз алыстағы аналарына амандығын жеткізді. Келе жатқан мерекелерімен құттықтап, тілектерін жолдады.

«Бүгін әскери бөлімде алда келе жатқан мереке күніне байланысты акция өтіп жатыр. Анасына, әжелеріне, апалары мен қарындастарына хат жазып құттықтауда. Бұл хаттың ерекшелігі телефон арқылы хабарласқаннан айта алмай жүрген ішкі сезімін қағаз арқылы жеткізіп аналарын қуантпақшы. Аналарына деген сағыныштары мол», — деді аға лейтенант Нұртілек Арыстанұлы.

Әскери бөлімге келген «Қазпошта» АҚ-ның қызметкерлері хаттарды рәсімдеп өз уақытында жазылған мекенжайға жеткізілетінін айтты.

Пікір қалдырыңыз