Ақтөбе өңірінде қатты жел басылмаса, кешке таман қалааралық жолдар жабылуы мүмкін

Ақтөбе өңірінде қатты жел басылмаса, кешке таман қалааралық жолдар жабылуы мүмкін

Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты кейбір жол аралықтары жабылуы мүмкін, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Кешкі сағат 20.00-ге дейін желдің күші басылмаса «Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ», «Ақтөбе-Алға-Қандыағаш-Шұбарқұдық», «Қандыағаш-Ембі-Шалқар» тас жолдары жабылады. Себебі, желдің көтерілуі бұрқасын боранға әкеліп соғуы мүмкін», — дейді «Қазақавтожол» ЖШС қызметкері.

Аталған бағыттар бойынша жүк және жолаушылар көлік иелеріне себепсіз жолға шықпау ескертілді.

Пікір қалдырыңыз