Нұрсұлтан Назарбаев: Ипотека 7 пайыздан аспайды, 25 жылға беріледі

Нұрсұлтан Назарбаев: Ипотека 7 пайыздан аспайды, 25 жылға беріледі

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа бағдарламаны жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен «7-20-25» бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Яғни, әрбір жұмыс істейтін қазақстандық теңгемен ипотекалық займды келесі шарттармен алу мүмкіндігіне ие болады. Аталған бағдарлама бойынша ипотекалық несиенің жылдық мөлшері 7 пайыздан аспайтын, бастапқы жарна 20 пайызға дейін, мерзімі 25 жылға дейін болады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының дерегінше, өткен жылы 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл бұған дейін болмаған рекордтық көрсеткіш саналады.

«Дегенмен бұл жеткіліксіз. Әлі күнге дейін меншікті баспанасы жоқ отбасы аз емес. Бұл тек қана әлеуметтік маңызы бар проблема. Оны шешу үшін барлық жағдай жасап, жалпы бұқара үшін тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыру қажет. Арзан ресурстар ұсыну тетіктері керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Пікір қалдырыңыз