Ақтөбеде кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 300-ден астам вакансия ұсынылды

Ақтөбеде кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 300-ден астам вакансия ұсынылды

Жыл басталғалы екінші рет ұйымдастырылып отырған шараға қаладағы 39 мекеме 318 жұмыс орнын ұсынды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Эльвира Жуминованың айтуынша, бүгінгі таңда Ақтөбеде 2300-ге жуық жұмыссыз адам тіркеуде тұр. Сондай-ақ жыл басынан бері 550 отбасы атаулы әлеуметтік көмекке жүгінген.

«Бүгінгі жәрмеңкеде жұмыс орындары білім, денсаулық сақтау, құрылыс, есеп, сауда және қызмет көрсету салалары бойынша ұсынылып отыр. Қорытындысы бір апта көлемінде белгілі болады», — дейді Эльмира Жуминова.

Пікір қалдырыңыз