Ақтөбе қаласында орамалын шешпей отырған оқушылар саны 179 болды


Білім және ғылым министрінің арнайы бұйрығын алға тартқан шенділер мектеп киім үлгісін сақтамай отырған оқушы қыз балалар саны 179 болғанын хабарлады.

«Олардың ата-аналарына ақпараттық-түсіндірме жұмыстары қазіргі күнге дейін жүргізіліп отыр. 111 оқушы мектеп формасына ауысып, кимешек, орамалын шешті, ал 21 оқушы отбасылық жағдайларына байланысты басқа облыстарда орналасқан оқу орындарына ауысты. 1 оқушы денсаулық жағдайына байланысты үйде білім алады. 2-і емдеу мекемелерінде ұзақ мерзімді емделіп жатыр», — деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Бүгінде, Ақтөбе қаласындағы мектептерге 44 оқушы қыз орамал тағып келіп жүр.

Мектеп формасына қатысты № 40, 49, 13, 36, 62, 23, 8, 60 және 48 орта мектептерінің сотқа жүгінген болатын. Алайда, қалалық сот оларды қанағаттандырмады.

Пікір қалдырыңыз