90 жастағы қолөнер шебері Ақтөбедегі музей жұмысын сынға алды


Ақтөбе облысының 90 жастағы қолөнер шебері соңғы он жылдықта музей үйінде ағаш мүсіндер бойынша көрме өтпегенін айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Техника ғылымдарының докторы, ағаш шебері Хаким Бекмұхамедтің өнердің осы түрімен айналысқанына 50 жылдың жүзі болған. Арнайы кітап жазып қолөнерді дамытқысы келгенімен қолдаудың азайып бара жатқанын да жасырмады.

Ұзақ жылдар су қоймаларында басшылық қызмет атқарып, кейін ғылым саласынан зейнетке шыққан Хаким Бекмұхамед ағаштарды түрлі кейіпке келтіріп мүсіндеу өнерімен айналысады.

«Табиғатқа жақын болдым. Аңға шығып, балық аулап, жидек пен саңырауқұлақ тергенді ұнататынмын. Бірде саңырауқұлақ түбінен ерекше тамырды үйге әкеліп өңдедім. Жылан бейнесіндегі керемет туынды шықты. Содан бастап қызығушылығым арта бастады. Арнайы кітап жазып шықтым. Қазір көрмелер өтпейді. 10 жыл бұрын көрме жиі өтетін, мені қалдырмай шақыратын. Облыстық музей басшысына кітабымды тарту еттім. Бірақ ешқандай хабар болып жатқан жоқ», — дейді Хаким Бекмұхамед.

Пікір қалдырыңыз