наурыз 5, 2018

Ақтөбеде газ тапшылығына қатысты айыпталғандардың көбі ақталды

Ақтөбе қалалық сотының судьясы Ербол Әбдіқалықов 5 наурыз күні сұйытылған газ тапшылығына орай айыпталып, былтыр сәуір айында үстінен қылмыстық іс қозғалған сегіз адамның жетеуін ақтады. Ақталғандар арасында «аймаққа тиесілі әлеуметтік газды Ауғанстанға сатып, миллиондаған доллар пайда таппақ болды» деп айыпталған Gold Steps компаниясының директоры Берік Есенов те бар. Бұл жайында дүйсенбіде Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Азаттық хабарлайды. Соттың мәліметінше, 36 жастағы Берік Есенов пен тағы екі айыпталушы

Ақтөбеде он оператор қатар жасайтын жедел жәрдем бекеті ашылды

Бүгін Ақтөбеде жедел жәрдем бекетінің жаңа ғимараты ашылды. Call-центр ақпараттық-сараптама қызметі жұмыс жасайтын орталықта 34 санитарлық автокөлік болады. Орталықта он оператор қатар отырып, тұрғындардан шақырту қабылдай алады. Әрбір жедел жәрдем көлігінің қайда жүргені экран арқылы бақыланады. Мұны экономикалық жағдайдың дамуы мен әлеуметтік жағдайдың жақсаруы деп түсіндірген облыс әкімі ақтөбелік дәрігерлерді жетістіктерімен құттықтады. «Әрбір адам үшін денсаулығы маңызды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың денсаулығына үлкен мән беріп келеді. Ақтөбеде заман талабына

"Бизнестің жол картасы - 2020": Ақтөбеде шағын бизнесті дамытуға 40 миллион теңге грант беріледі

Ақтөбеде бизнес бастайтын адамдарға 40 миллион теңге грант беріледі. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ұсынылған жобаны арнайы комиссия мақұлдайды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе облысында 3700-ден астам жас жұмыссыз жүр. Бұл өңірдегі жастардың 3,2 пайызын құрайды. «Облыста «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында 40 миллион теңге грант бөлінеді. Біз үшін мемлекеттік бағдарлама арқылы қаржы бөлінген соң аудан, ауылдағы кәсіпкерлерге жеткені маңызды. Бұған дейін бөлінген гранттық қаржылардың тең жартысы аудан,

Маңғыстаудың әуесқой актерлары Ақтөбеде әлеуметтік қойылымдар сахналап жүр

Маңғыстау облысының 15-19 жастағы әуесқой актерлары жастар арасындағы әлеуметтік мәселелерді театрда сахналап жүр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтау қаласының «Ақжол» әуесқой жастар театры Ақтөбеде драматург ұстаз Өтен Ахметтің «Жұлынқұрт» атты қойылымын сахналады. Қойылымның негізгі мақсаты — жастарды нашақорлықтан сақтау. Алайда, спектакльде негізгі мәселе нашақорлық қана емес, мұнда жезөкшелік те, парақорлық та, әлеуметтік теңсіздік те көрініс тапты. Бұл спектакльде адам өлімі көріністері де сахналанды. Жалғызбасты ананың көз жасы, жанайқайы жеткізіледі. Айта

90 жастағы қолөнер шебері Ақтөбедегі музей жұмысын сынға алды

Ақтөбе облысының 90 жастағы қолөнер шебері соңғы он жылдықта музей үйінде ағаш мүсіндер бойынша көрме өтпегенін айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Техника ғылымдарының докторы, ағаш шебері Хаким Бекмұхамедтің өнердің осы түрімен айналысқанына 50 жылдың жүзі болған. Арнайы кітап жазып қолөнерді дамытқысы келгенімен қолдаудың азайып бара жатқанын да жасырмады. Ұзақ жылдар су қоймаларында басшылық қызмет атқарып, кейін ғылым саласынан зейнетке шыққан Хаким Бекмұхамед ағаштарды түрлі кейіпке келтіріп мүсіндеу өнерімен айналысады. «Табиғатқа

Назарбаев: Студенттер үшін қосымша 20 мың грант бөлініп, 25 мың орындық жатақхана салынады

2018-2019 оқу жылында студенттерге қосымша 20 мың грант бөлінетін болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл жұмысты ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында белгіленген бес әлеуметтік бастаманың бірі екенін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі таңда еліміздегі ЖОО-ларда 530 мыңға жуық жас өрен білім алып жатыр. Олардың ішіндегі 30 пайызы мемлекет бөлген грант бойынша оқуда. Жоғары білім беруді қолжетімді әрі сапалы ету үшін келесі шараларды ұсынамыз. 2018-2019 оқу жылында жыл сайын бөлінетін 54

Нұрсұлтан Назарбаев: Ипотека 7 пайыздан аспайды, 25 жылға беріледі

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа бағдарламаны жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мен «7-20-25» бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Яғни, әрбір жұмыс істейтін қазақстандық теңгемен ипотекалық займды келесі шарттармен алу мүмкіндігіне ие болады. Аталған бағдарлама бойынша ипотекалық несиенің жылдық мөлшері 7 пайыздан аспайтын, бастапқы жарна 20 пайызға дейін, мерзімі 25 жылға дейін болады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысының дерегінше, өткен жылы