Астана қаласына 20 жыл: Ақтөбедегі Облыстық халық шығармашылығы үйі үздік концерттік бағдарлама ұсынбақшы

Астана қаласының мерейтойына арналған «Өнерім саған, өр елім!» атты қала өнерпаздарының есептік қорытынды кеші өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Концерттік бағдарламада Орталықтың Халықтық атақтары бар «Жазира» қазақ ұлт аспаптар ансамблі, «Шашу» отбасылық ансамблі, «Бипыл» вокалды аспаптық ансамблі, «Әдеп» триосы және өзге өнерпаздар ең үздік концерттік бағдарламасын ұсынады.

Шара барысында халықтық, патриоттық және эстрадалық әндермен қатар «Назерке» және үлгілі «Фрески» би ұжымдары шеберліктерін көрсетеді.

Көрнекі фото: conservatoire.kz

Пікір қалдырыңыз