50 ақтөбелік мүгедек жанға жұмысқа орналасуға жолдама берілді

50 ақтөбелік мүгедек жанға  жұмысқа орналасуға  жолдама берілді

«Біз біргеміз!» акциясы аясында 50 мүмкіндігі шектеулі жанға өңір басшысы өз қолымен түрлі мекемелерге жұмысқа орналасуға жолдама тапсырды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кәсіпорындар басшылығына алғыс айта отырып, өмірдің қиыншылығына төзе білген жандар әрқашан қоғамға үлгі екенін баса айтты.

«Елбасы саясатының бірі әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға жан-жақты көмектесу. Мемлекеттің бақылауына алу, қолдау білдіру. Өңірдегі кәсіпорындар және кәсіпкерлермен бірігіп тапсырманы орындауға тырысып жатырмыз. Жылда орта есеппен 700-800 азамат жұмысқа орналасады. Бойларыңыздағы жігер, қайрат, күш бітпесін. Он екі мүшесі сау жандарға сіздерді үлгі етеміз», — дейді БердібекСапарбаев.

Шара барысында мүгедектерді жұмыспен қамту және өмір сүру жағдайларын жақсарту жөніндегі қорды құру бойынша үш жақсы келісімді меморандумға қол қойылды.

Пікір қалдырыңыз