Ақтөбе облысында Молдабай Тәңірберлінің 160 жылдығы атап өтіледі

Мәртөк өлкесінде өмір сүрген, ән-жырдың шебері, әнші-композитор Молдабай Тәңірберлінің 160 жылдық мерейтойы республикалық деңгейде ұйымдастырылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Былтыр арнайы ескерткіш ашылып, айтыс ұйымдастырылған кешенді шара биыл кең көлемде жалғасады.

«Биыл біз республикалық масштабта өткізгіміз келіп отыр. «Жан серігім домбыра» атты республикалық айтыс өткізіп, ат шаптырып, ас беріп, киіз үй құрып той жасағымыз келіп отыр. Молдабай атамыздың атын Мәртөк аудандық мәдениет үйіне бермекшіміз. Көшесін беруге, сол көшедегі мектептің атын беруге де ұсыныстар жасалып жатыр. Осылай 160 жылдықты тойламақшымыз», — дейді Мәртөк аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Медет Ысқақов.

Пікір қалдырыңыз