Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік: Ақтөбеде бизнес-инкубатор ашылады

Ақтөбеде кәсіпкерлер үшін ыңғайлы ғимарат жұмысын бастайды. Қазіргі уақытта бизнес-инкубаторға қажетті ғимарат іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының кәсіпкерлеріне қажетті бизнес инкубатор ашу идеясын өңір басшысы Бердібек Сапарбаев айтқан болатын. Қазіргі кезде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылатын нысанға қажетті ғимарат іздестіріліп жатыр.

«Ақтөбеде бизнес инкубатор ашылады. Біз бұл жобаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырамыз. Бизнес-инкубаторда бизнесін жүргізетін кәсіпкерлер болады. Мәселен, барлығы 15 кәсіпкерге орын береміз. Оларға бірден жұмысқа кірісу міндеттеледі. Кәсіпкерлерден салық түскен уақытта бизнес-инкубаторға жұмсалған қаржы қайта келеді», — деді Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова.

Айта кетейік, бизнес-инкубатор ғимаратында тасжол, теміржолы болады. Инженерлік-коммуникациялық желі тартылады.

«Бірі печенье шығарса, бірі тері илеу жобасын ұсынды. Қызықты әрі болашағы зор жобаларды бинес-инкубаторға орналастырамыз. Ал бизнес жобаларды арнайы комиссия іріктейді. Ешқандай шектеу жоқ», — деді Анар Даржанова.

фото: novoselickoe.ru

 

 

Пікір қалдырыңыз