Ақтөбеде «Өркениет көші — жаңарған мәдениет» тақырыбында мәдениет қызметкерлерінің форумы өтті

Ақтөбеде "Өркениет көші - жаңарған мәдениет" тақырыбында мәдениет қызметкерлерінің форумы өтті

Өнер мен әдебиет саласының мамандары бас қосқан шара «Өркениет көші — жаңарған мәдениет» деген тақырыппен өтті.

Форумның негізгі мақсаты — мәдениет қызметкерлері мен жұртшылық арасындағы ынтымақтастықты нығайту, шығармашылық байланыстардың жоғары дәрежеде өрлеуін жолға қою. Осы салада қызмет қылып жүрген жандар өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді.

Қазақ саңыраулар қоғамы және зағиптар қоғамы мәдениет үйлерінің директорлары мүгедек жандарды қоғамға бейімдеудің бір әдісі ретінде халық шығармашылығын дамыту мәселесін көтерді.

Шара барысында хореография, спорттық және бал билері, вокал, ВИА, хор, қолөнер, балалар эстрадалық үрлемелі оркестрі сынды шығармашылық жанрлар бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.

Пікір қалдырыңыз