Ақтөбеде Әуе қалашығындағы қабатты үйлердің бірінен өрт шығып, 23 адам эвакуацияланды

Ақтөбенің «Әуежай» қалашығында орналасқан екі қабатты үйдің шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінен хабарлағандай, бұл жөнінде тұрғындардың бірі қоңырау шалған.

«60 шаршы метр аумақты қамтыған шатырдағы өрт бір сағаттың ішінде сөндірілді. 23 адам сыртқа шығарылды. Абырой болғанда өрт сөндірушілердің батыл да ыждаһатты әрекеттерінің арқасында ешқандай шығын шықпай, тұрғындар өміріне төнген қауіп сейілді», — дейді өрт сөндіру қызметінің баспасөз хатшысы Ақмарал Сансызбай.

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз