Ақтөбе қаласындағы Қазақ халқына мың алғыс стелласы маңында этноауыл бой көтереді

Ақтөбе қаласындағы Қазақ халқына мың алғыс стелласы маңында этноауыл бой көтереді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен Қазақ халқына мың алғыс стелласы маңында этноауыл салынады. Онда әрбір ұлттың асханасы болады. Ұлттық тағамдар дайындайтын демалыс орнын салу идеясын бірнеше кәсіпкер қолдады.

Қазақтың үйін кәсіпкер, меценат Нұрлан Сағыналин салады. Сонымен қатар, татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Эльвира Хабибуллина, Корей этно-мәдени бірлестігінің өкілі Елена Когай, «Урарту» армян бірлестігінің төрағасы Гарик Тертерян құрылыс жұмыстарын жүргізеді.

 

Пікір қалдырыңыз