наурыз 1, 2018

Ақтөбе қаласындағы Қазақ халқына мың алғыс стелласы маңында этноауыл бой көтереді

Ақтөбе қаласындағы Қазақ халқына мың алғыс стелласы маңында этноауыл бой көтереді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен Қазақ халқына мың алғыс стелласы маңында этноауыл салынады. Онда әрбір ұлттың асханасы болады. Ұлттық тағамдар дайындайтын демалыс орнын салу идеясын бірнеше кәсіпкер қолдады. Қазақтың үйін кәсіпкер, меценат Нұрлан Сағыналин салады. Сонымен қатар, татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Эльвира Хабибуллина, Корей этно-мәдени бірлестігінің өкілі Елена Когай, «Урарту» армян бірлестігінің төрағасы Гарик

Бердібек Сапарбаев: Бүгін жанашырлықтың, қамқорлықтың, мейірімділік пен достықтың мерекесі

Ақтөбедегі «Қазақ халқына мың алғыс» стелласының жанында «Алғысым шексіз өзіңе» мәдени шарасы өтті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ақтөбеліктерді Алғыс айту күнімен құттықтады. Бүгін Ақтөбе облысындағы этно-мәдени бірлестік өкілдері қазақ халқына алғысын жеткізді. Олар Қазақ халқына мың алғыс стелласының жанында ән айтып, би биледі. Әр ұлт өз алғысын білдіріп, болашағын Қазақстанмен тығыз байланыстыратынын айтты. Алаңға барған өңір басшысы Бердібек Сапарбаев халықты мерекемен құттықтады. «Бүгін жанашырлықтың, қамқорлықтың, мейірімділік пен достықтың мерекесі. «Адам

Елбасы: Алғыс айту күнінің басты мәні - тарихи жадыны сақтау

Бүгін Алғыс айту күніне арналған мерекелік шарада ҚР Мемлекеттік xатшы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгін біз баршамызға ортақ мереке — Алғыс айту күнін атап өтудеміз. Осынау айтулы күні қиын-қыстау сынақ жылдарында адамгершілік пен имандылық үстемдігінің жадымызда болуы Қазақстан халқын біріктіреді. Мейірімділік, өзара көмек және бір біріне деген құрмет қазақтың киелі топырағында күллі қазақстандықтарды көздің қарашығындай сақтайтын әрі мақтан тұтатын достық пен өзара түсінушілік бірегей

Қазақ сатирасының сардары Үмбетбай Уайдин өмірден озды

83 жасқа қараған шағында қазақ сатирасының сардары, жазушы, журналист Үмбетбай Уайдин өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Үмбетбай Уәйдаұлы 1935 жылы 10 қарашада Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына қарасты Темірастау ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Қазақ радиосы, «Ара-Шмель» журналы, Қазақфильм киностудиясы, «Өнер» баспасы, Қазақстан кітапқұмарлар қоғамы мен Жазушылар одағында әр түрлі қызметтер атқарған. Көп жылдан бері Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінде және Абай атындағы қазақ тілі мен

Облыстық еңбек инспекциясы Aktobenews.kz тілшісінің материалына қатысты өз пікірін білдіреді

«Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарына қатысы бар жұмысшылардың жалақы ала алмай жүргені туралы Aktobenews.kz тілшісі материал жазғаннан кейін еңбек инспекциясы өз пікірін білдіріп, хат жолдады. Аталған жұмысшылар «Ақтөбе «Строймонтаж 2017» ЖШС пен үш жеке кәсіпкерлікте еңбек етеді. «Ақтөбеэлектросетьстрой» ЖШС-пен субмердігерлік келісімге отырған. «Барлығы еңбек инспекциясы басқармасына шақыртылды. Осы жағдайға қатысты мәселе қаралды. Анықталғандай, бас мердігер «Ақтөбеэлектросетьстрой» ЖШС тарапынан жұмыс сапасына қатысты ескерту болған. Қазіргі таңда ескертулер жоқ. «Ақтөбеэлектросетьстрой» ЖШС 4

52 Өзбекстан азаматының өлімінен кейін Ақтөбе облысында автобустар жиі тексерілетін болды

Ақтөбеде автобус жүргізушілерін тексергенде 700-ден астам құқықбұзушылық анықталды. «Автобус» науқаны барысында ішімдік ішкен және есірткі қабылдаған жүргізушілер тәртіп сақшыларының назарына ілікті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Көліктік бақылау инспекциясы, прокуратура және жергілікті полиция қызметкерлері халықаралық және республикаішілік қатынаста жолаушы тасымалдайтын 50 автобусты тексерген. «Жолаушы мен жүк тасымалдауда 28 құқықбұзушылық анықталды. Жалпы 900 мың теңгеге жуық көлемде айыппұл салынды», — деді Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Сергей Карашиев. Жол қозғалысын

Ақтөбеде "Өркениет көші - жаңарған мәдениет" тақырыбында мәдениет қызметкерлерінің форумы өтті

Өнер мен әдебиет саласының мамандары бас қосқан шара «Өркениет көші — жаңарған мәдениет» деген тақырыппен өтті. Форумның негізгі мақсаты — мәдениет қызметкерлері мен жұртшылық арасындағы ынтымақтастықты нығайту, шығармашылық байланыстардың жоғары дәрежеде өрлеуін жолға қою. Осы салада қызмет қылып жүрген жандар өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді. Қазақ саңыраулар қоғамы және зағиптар қоғамы мәдениет үйлерінің директорлары мүгедек жандарды қоғамға бейімдеудің бір әдісі ретінде халық шығармашылығын дамыту мәселесін көтерді. Шара барысында хореография, спорттық