ақпан 2018

Ақтөбелік спорт мамандарына допингке қарсы семинар өткізіліп жатыр

Жоғары білікті мамандардың қатысуымен өткізіліп жатқан шара екі күнге созылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Шара аясында спорттық медицинаның негізгі міндеттері мен өзекті мәселелері талқыланады деп жоспарланған. Спортшының шынығуы барысында немесе жарыс кезінде жарақат алған сәттерде шұғыл көмек көрсету шаралары, дұрыс тамақтану жолдары жан-жақты түсіндіріледі. Ақтөбе облысының Олимпиада резервін даярлау орталығында өтіп жатырған семинарға спорт дәрігерлері, жаттықтырушылар, медицина, массажист және басқада мамандар қатысады.

Бердыбек Сапарбаев призвал «Русскую медную компанию» поддержать реализацию социальных проектов в Актюбинской области

В четверг, 22 февраля, в поселке Коктау Хромтауского района аким Актюбинской области Бердыбек Сапарбаев встретился с трудовыми коллективами двух компаний: ТОО «Актюбинская медная компания» и ТОО «Коппер Технолоджи», входящих в структуру холдинга ЗАО «Русская медная компания». Встреча прошла с участием специально прибывшего в регион президента РМК Всеволода Левина, а также представителей областного совета профсоюзов. «За прошлый год предприятия все свои обязательства в основном выполнили. Главная задача на 2018 год —

Қырғызстан Жоғарғы соты журналисті өтемақы төлеуге міндеттеді

Қырғызстан Жоғарғы соты президент Сооронбай Жээнбековтің шағымы бойынша журналист Кабай Қарабековке шығарылған аудандық сот шешімін күшінде қалдырды. Енді Қарабеков президентке бес миллион сом (73,5 мың АҚШ доллары) төлеуі тиіс, деп хабарлайды Азаттық. Сот шешіміне пікірін білдірген журналист «сот мақалада ағайынды Жээнбековтердің қайсысы туралы айтылғаны жөнінде анықтап жатпағанын» айтты. «Мақалада оның президент екені айтылмайды. Бұл мәселе барлық инстанцияларда ашық қалды. Мұнан бөлек моральдық өтемақының көлемі жөнінде де сол күйі ашық қалды.

Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы бейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,97 долларға қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 66,39 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың сәуір айында жеткізілетін фьючерстері 1,09 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 62,77 доллар болды.

Дөрекілік пен ішімдік ішу мемлекет органдарында әлі де бар - Алик Шпекбаевтың пайымы

Мемлекеттік қызметшілердің, ең алдымен басшылардың сана-сезімін жаңғырту икемді дағдыны дамытумен басталуы тиіс. Мұндай пікірді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Фейсбуктегі парақшасы арқылы білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның аясында агенттік мемлекеттік қызметшілердің ойлауын трансформациялауға бағытталған «Өзгерістерді өзіңнен баста» жобасын жүргізуде. Осыған байланысты ұжыммен мемлекеттік қызметшілерге қатысты қалыптасқан стеротиптерді өзгертудің жаңа әдістерін қолдану бойынша «ақыл-ойға шабуыл» шарасын өткіздім.

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын қалай алуға болады

ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында зейнетақы жинағын мерзімінен ерте кімдер алуға болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, Үкімет пен Ұлттық банк арасында зейнетақы саласын реформалау әлі талқыланып жатыр. «Жаңа реформалар салымшылардың ақшаны басқаруға қатысын арттырмақ. БЖЗҚ ақшасын мерзімінен бұрын кім шеше алатынына келсек, бұл санатқа жинаған сомасы жеткілікті азаматтар жатады. Жинаған сомасы жалақысына пара-пар болатын немесе одан артық тұлғалар қаржысын басқа мақсатқа жұмсай

"Юта", "Рахат", "Арцах": Полиция Ақтөбеде төбелес жиі болатын мейрамханалардың атын атап, түсін түстеп берді

Ақтөбедегі ойын-сауық кешендерінде қылмыс жиі тіркеледі. Полиция қызметкерлері жиі төбелес болатын мейрамхана мен дәмханаларды атады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Қаныбек Жақсығалиев бүгін облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп берді. Өңірде төбелес жиі болатын, қылмыс тіркелетін бірнеше мейрамхана бар. «Өткен жылы ойын-сауық кешендерінен мыңға жуық шақыру түсті. Оның 344-і қылмыс, 600-ге жуығы әкімшілік құқық бұзушылық іс. Бір жыл ішінде «Юрта» мейрамханасынан 107 , «Рахаттан» 110, «Тайқазаннан»