Төтенше жағдайлар департаменті басшылығы Ақтөбеде суға кетуі мүмкін аудандарды атады

Ақтөбенің ең қауіпті учаскелері анықталды. Богословка тас жолы бойында үлкен арық қазылып жатыр. Оңтүстік-Батыс ауданындағы ескі полигонда бекіту жұмыстары қолға алынған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Қалада жаппай қар тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Егер су келген жағдайда эвакуация жұмыстарын жүргіземіз», — дейді әскери мобилизация жұмыстары жөніндегі бөлім басшысы Бекболат Нұрашев.

Ал облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Қайрат Қасым Ақтөбе қаласында су тасқыны қаупі төніп тұрған аймақтарды атады.

Олардың қатарында Сазды өзені бойы, Кеңес Нокин ауданы, Богословка тас жолы бойындағы саяжайлар, Благодар ауылдық округіндегі Садовое ауылы, Қарғалы ауылындағы Пещанка өзені бойы, Елек өзені бойы, Өрлеу ауылы бар.

Сонымен бірге, Кірпішті ауылы, Жаңақоныс ауылы, Батыс-2, Батыс-4 аудандары, Айболит, Актюбсельмаш, Ұстаз саяжайлары, Авиатор, Көктем, Ромашка, Мағажан орман шаруашылығы маңын да су шаю қаупі туындап отыр. Заречный-1, Құрмыш, Мәскеу, Тұрғындар қалашығы, Бірлік, Шестихатка, Ақжар-1 аудандары, Қурайлы ауылы, АЗХС-1, 2, 3, АЗФ-5, ТЭЦ-2, УВД-3, Геолог-1 аудандарында да сақтық шаралары қолға алынған.

Су тасқыны қаупін жою үшін 200 млн теңгеге жуық қаржы қарастырылған.

Ілияс Оразбаев, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз