Азия чемпионатында ақтөбелік балуан Мейрамбек Айнағұлов қола жүлдені иеленді

Азия чемпионатында ақтөбелік балуан Мейрамбек Айнағұлов қола жүлдені иеленді

Мейрамбек Айнағұлов грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Азия құрлығының 38 елінен мықтылар қатысып жатқан байрақты бәсекеде Мейрамбек Айнағұлов Өзбекстан спортшысы Элмурат Тасмурадовқа есе жіберіп, қоланы місе тұтты.

Екі білекті спортшы арасында болған финалға талас кезеңі сол күннің ең үздік сәттері болып тіркелді.

Ертең Мейрамбек Айнағұлов пен жаттықтырушысы Рахымжан Бақытжанов мінген ұшақ Ақтөбе әуежайына қонады.

Пікір қалдырыңыз