«Атамекен» палатасында өткен кеңесте кәсіпкерлерге кедергі болып жүрген мәселелер көтерілді

Бүгін «Атамекен» кәсіпкерлер құқықтарын қорғау палатасында өткен кеңесте кәсіпкерлерге кедергі болып жүрген мәселелер көтерілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жеке кәсіпкер Болат Сүйеубаев пен Қуаныш Шакузовты әкімдік өкілдері алдап соққан. Кәсіпкерлер Бадамша ауылдық округі әкімдігінен бір жарым миллион теңгесін өндіре алмай жүр. Ауылдық округ әкімдігіне алданған кәсіпкерлер кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесіне шағым айтып келген.

«Бұл жағдайға шара қолдануларыңызды сұраймын. Бір жарым миллион теңгеге шығындалдым. Бұл қаражатқа мемлекеттік тапсырыста жеңіске жетіп, ауылдың кіре берісіндегі қақпаны жаңартқан болатынбыз. Соңында құжаттарымыз заңсыз болып отыр. Құжаттарды уақытында тіркеуден өткізбеген. Осы мәселені кеңесте шешпесеңіздер сотқа жүгінуден басқа амалымыз жоқ», — дейді кәсіпкер Қуаныш Шакузов.

Ауыл іргесіндегі жаңартылған қақпа Бадамша әкімдігіне үлкен қиындық әкелгелі тұр. Олар тапсырыс беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы келісімшартты қазынашылық органдарында тіркеуден өткізбеген. Әкімдіктің қатесі салдарынан шығынға батқан кәсіпкер өтемін сұрап отыр.

Пікір қалдырыңыз