Астанаға 20 жыл: Ақтөбеде студенттік ғылыми конференция өтіп жатыр

Астанаға 20 жыл: Ақтөбеде студенттік ғылыми конференция өтіп жатыр

Ақтөбеде 200 студенттің басын қосқан республикалық ғылыми конфренция басталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Астананың 20 жылдығына арналған ғылыми жиынға еліміздің әр облысынан келген колледж студенттері тарих, психология, филология, биология, химия салаларын қамтыды. Мәселен, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенті Динара Асетоллаева Мағжанның өліміне қатысты тың деректер тапқанын айтты.

«Конференцияда Мағжанның тағдыры, оның заманындағы қиыншылықтары туралы мәлімет ұсынамын. Біріміз білсек, біріміз білмейміз. Мысалы, Мағжанның 1938 жылы атылғандығы құжаттарда жазылған. Алайда Бауыржан Момышұлы және Мағжанмен бірге түрмеде болған Абдолла Әбдірахманов ақынның 1951 жылға дейін өмір сүргенін айтады», — деді колледж студенті.

Айта кетейік, конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтіп жатыр.

Пікір қалдырыңыз