Ақтөбе қаласы тұрғындарының саны 470 мыңнан асты

Облыс орталығы тұрғындарының саны 471,5 мың адамды құрады. 2005 жылдан бері халық саны 61,5 пайызға өскен, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жаңадан салынған Батыс-2, Болашақ аудандарында 80-ге жуық үй тұрғызылып, 20 мыңнан астам адам қоныс тепкен. Бұл туралы қала басшысы Ілияс Испановтың жергілікті полиция қызметін пысықтауға арналған кеңесінде белгілі болды.

Шараға қалалық маслихат хатшысы, қала прокуроры, т.б. қатысты.

«Қазіргі уақытта муниципалды қоршалған автотұрақ ашу және борышкерлердің көліктерін, сондай-ақ жазатайым оқиға орнынан, борышкерлердің көлік құралдарын тасымалдауға және орналастыруға арналған эвакуатор иелерімен келісімшарт жасау мәселесі өткір болып тұр», — деп хабарлады тәртіп сақшылары Испановпен болған кездесуде.

Пікір қалдырыңыз