Ақтөбелік басшы тұрғынның шағымын тексеремін деп ескерту алған

Ақтөбелік басшы тұрғынның шағымын тексеремін деп ескерту алған

Ақтөбелік фармацевтер шағым тексеру кезінде сөз естігендерін айтып ағынан жарылды. Дәрі мен оның бағасына жиі шағым түсіретін тұрғындармен жұмыс жасауға көшкен фармация департаментінің басшысы негізсіз шағымды талқылаймын деп сөз естіген.

«2017 жылдың желтоқсан айында қала тұрғынынан дәріхана фармацевтінің біліктілігіне және сатып алынған дәрілік заттың қорабына қарап оның сапасына күмәні болғандықтан шағым түсірген. Аталмыш шағымда адамның денсаулығына төнген қауіп жоқ. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасы шағым бойынша тексеріс ашудан бас тартты. Тексеріс ашуды ұсынғанымыз үшін ескерту берілді», — дейді фармация комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы Ринат Құбатаев.

Фармация комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне 2017 жылы 90 арыз келіп түскен. Оның 27-сі жеке тұлғалардан түскен.

Мамандар тұрғындардан түскен барлық сұрақпен жұмыс жасағандарын айтты.

Пікір қалдырыңыз