Ақтөбеде діни қойылымның премьерасына қолдарында шақыру билеттері бола тұра кіре алмағандар мұңдарын шақты

Көптен күткен қойылымның тұсаукесеріне шақырылған қонақтар театрға кіре алмай, кері қайтуларына тура келді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ахтанов атындағы драма театрында облыстық дін істері басқармасы мен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы ұйымдастырған «Үлкен сұрақ» қойылымының тұсаукесеріне халық сыймай қалды. Басталуына 20 минут қалған cәтте театр есіктері жабылып, арнайы шақырылған қонақтар кіре алмады.

Бекітілген полиция қызметкерлері залдың толық екенін айтып есіктен ешкімді жібергісі келмеді. Күзетшілер де дін қызметкерлері мен компания өкілдерін ғимаратқа өткізбеді.

Айта кетейік, өзге ағымның жетегінде кеткен бойжеткен қыздың өмірі суреттелетін қойылымға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын қадірменді қонақ болып қатысты.

Пікір қалдырыңыз