Ақтөбеде арбаға таңылған қызын жалғыз өзі бағып отырған анаға қала жастары «алтын алқа» тақты

Мүгедек баласы үшін барын салып жүрген анаға еріктілер ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Жүректен жүрекке» еріктілер тобының ұйымдастыруымен және облыстық спорт басқармасының қолдауымен қала командалары арасында шағын футболдан қайырымдылық турнирі өткізілді. Ізгі шара екі жақты сал ауруы және микроцефалия сырқатына шалдыққан Инабат Есбергенова есімді бүлдіршіннің еміне арналды.

Қиыншылықты жеңіп келе жатқан жалғызбасты анаға алтыннан алқа тағып, 100 000 теңгенің сертификатын табыс етті.

«Біздің «Жүректен жүрекке» еріктілер тобы Гүлмира апаға көмектесіп келеді. Қиындықтар болса да еш мойыған емес. Қызының сырқатымен күресіп, әрқашан ем іздеп жүреді. Біз үшін өмірдің жүлдесіз жеңімпаздарының бірі сол кісі», — дейді топ мүшесі Бердалы Сәрсенов.

Еріктілер бір жыл бұрын жалғыз басты ананың үйіне тегін еврожөндеу жұмыстарын жасап берген болатын.

Пікір қалдырыңыз