ақпан 27, 2018

Ақтөбеде оқушы қыздар мереке күндері мектепте шолпы тағып жүреді

Ақтөбе қаласындағы №31 орта мектептің оқушы қыздары ұлттық салт-дәстүрді заманауи талаппен ұштастырды. Олар мереке күндері мектепте шолпы тағып жүреді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбедегі «Шолпы» клубы бүгін 5 жылдығын атап өтті. Қыздарға ұлттық салт-дәстүрді түсіндіріп, қолөнерге баулитын клубта полиция, медицина қызметкерлерімен де кездесу болады. «Қыздардың тәрбиесіне баса назар аударуымыз керек. Өйткені, қыз барлық ұлттық құндылықтарымызды дамытушы, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші. Қазақтың ұлттық ой-арманы, тілегінің орындалуы, ұлт ретінде қалуы, қазақ санының көбеюі

Ақтөбеде әр ұлттың белсенді жастары қала тұрғындарынан алғыс тілек жинады

Қалада қоғамдық орындар мен сауда орталықтарына келген тұрғындарға арналған «Шексіз алғыс» атты акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Алғыс айту күніне арналған шара барысында әр ұлттың жастары мерекелік бағдарлама ұсынып, тұрғындар өз тілектерін ашық хат арқылы жақын туыстарына, достарына мекен-жайлар бойынша жолдады. Ерекше тілектер тізімі бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланатын болды. «Шараның мақсаты — жастарды ізгілікке, сыпайылыққа, әдептілікке баулу және адами қарым-қатынасты дамыту», — дейді облыстық жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары

Ақтөбеде арбаға таңылған қызын жалғыз өзі бағып отырған анаға қала жастары "алтын алқа" тақты

Мүгедек баласы үшін барын салып жүрген анаға еріктілер ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Жүректен жүрекке» еріктілер тобының ұйымдастыруымен және облыстық спорт басқармасының қолдауымен қала командалары арасында шағын футболдан қайырымдылық турнирі өткізілді. Ізгі шара екі жақты сал ауруы және микроцефалия сырқатына шалдыққан Инабат Есбергенова есімді бүлдіршіннің еміне арналды. Қиыншылықты жеңіп келе жатқан жалғызбасты анаға алтыннан алқа тағып, 100 000 теңгенің сертификатын табыс етті. «Біздің «Жүректен жүрекке» еріктілер тобы Гүлмира

Арал қаласынан Ақтөбе облысына дейінгі автожол жабылды

Арал қаласы мен Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі автожол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 27 ақпан, сағат 12.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автожолының 1356-1240 шақырым аралығы (Арал қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) барлық көлік құралдары үшін жабылды.

Ақтөбеде діни қойылымның премьерасына қолдарында шақыру билеттері бола тұра кіре алмағандар мұңдарын шақты

Көптен күткен қойылымның тұсаукесеріне шақырылған қонақтар театрға кіре алмай, кері қайтуларына тура келді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ахтанов атындағы драма театрында облыстық дін істері басқармасы мен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы ұйымдастырған «Үлкен сұрақ» қойылымының тұсаукесеріне халық сыймай қалды. Басталуына 20 минут қалған cәтте театр есіктері жабылып, арнайы шақырылған қонақтар кіре алмады. Бекітілген полиция қызметкерлері залдың толық екенін айтып есіктен ешкімді жібергісі келмеді. Күзетшілер де дін қызметкерлері мен компания өкілдерін ғимаратқа

Ақтөбелік басшы тұрғынның шағымын тексеремін деп ескерту алған

Ақтөбелік фармацевтер шағым тексеру кезінде сөз естігендерін айтып ағынан жарылды. Дәрі мен оның бағасына жиі шағым түсіретін тұрғындармен жұмыс жасауға көшкен фармация департаментінің басшысы негізсіз шағымды талқылаймын деп сөз естіген. «2017 жылдың желтоқсан айында қала тұрғынынан дәріхана фармацевтінің біліктілігіне және сатып алынған дәрілік заттың қорабына қарап оның сапасына күмәні болғандықтан шағым түсірген. Аталмыш шағымда адамның денсаулығына төнген қауіп жоқ. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасы шағым бойынша тексеріс ашудан

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе агломерациясын дамыту бағытын тиімді жүзеге асыруды тапсырды

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе агломерациясын дамыту бағытын тиімді жүзеге асыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Алматы, Астана және Шымкент агломерацияларымен қатар Ақтөбе агломерациясын дамыту схемасы әзірленді. Ақтөбе агломерациясына Ақтөбе қаласы және облыстың 6 ауданының елді мекендері кірді (Алға, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар және Хромтау). Агломерациялау процестерін дамыту үшін агломерация өзегі Ақтөбе қаласында және халықтың тартылу орталықтарында халық санын ұлғайту қажет. Осы орайла шығыс бағытта — Хромтау қаласы; батыста