Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік: Ақтөбеде балалар үшін жабық спорт алаңдары жалға алынды

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік: Ақтөбеде балалар үшін жабық спорт алаңдары жалға алынды

Ақтөбеде жабық спорт алаңдары тапшы. Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бірнеше спорт алаңын жалға алды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеде балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Спорт кешенінің тапшылығы туындаған кезде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бірнеше кәсіпкермен келісімшарт жасады.

«Жабық спорт кешенінің тапшылығы сезілген соң бірнеше ғимарат жалға алынды. Келісімшарт бойынша 8 мың шаршы метр аумақ пайдаланылады. Базалық жалдау ақысы бір шаршы метрге – 937 теңге. Алдағы екі жылға келісім жасалып, қосымша мониторинг жүргізіледі. Егер сұраныс болса, пайдалану мерзімі ұзартылады. Жылына бұл мақсатқа 74 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалмақ», — деді басқарма басшысы Нұрлыбек Жүсіпов.

Айта кетейік, спорт кешендері таңғы сағат 8:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Сонымен қатар, жазғы демалыста спорт кешендеріне мемлекеттен ақы төленбейді. Бұл спорт кешендері балалар мен жаөспірімдерге тегін болады.

Пікір қалдырыңыз