Ақтөбедегі ең үлкен мешіттің төсеніші ауыстырылмақшы


Биылғы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің 10 жылдығы қарсаңында мешіт кілемі ауыстырылады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласынан арнайы Түрік «Хаскул» кілем компаниясының өкілдері шақыртылды. Кілемнің түсі, оған түсетін оюлар, мешіттің ішкі көрінісімен сәйкестігі секілді мәселелер талқыланды.

Жуырда жаңа кілем ауыстырылады деп күтілуде. Айта кетерлік, «Хаскул» кілем компаниясы осыған дейін еліміздің бірнеше мешіттерінің кілемдерін ауыстырып берген болатын.

Пікір қалдырыңыз