Ақтөбеде автобус аударылып, 7 Өзбекстан азаматы ауруханаға түсті

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы болып, Өзбекстан азаматтары мінген автобус аударылды. Қазір зардап шеккендер Хромтау аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«25 ақпан күні сағат 20:40-та «Самара-Шымкент» тасжолында жол-көлік оқиғасы болды. Хромтау ауданы Жазық ауылы маңында 35 жастағы «Мерседес» автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Жол жиегіне шыққан кезде автобус аударылды. Автобус ішінде барлығы 25 Өзбекстан азаматы болды. Оның жетеуі түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті»,- деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз