Ақтөбе облысында «Студент» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр

Мақсаты — студенттер тұратын жатақханалар мен жалдамалы пәтерлерді, тұрғын – үй тұрмыстық шарттарын тексеру, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру.

Ювеналдық полиция инспекторлары оқытушылармен бірге жалдамалы пәтер мен жатақханада тұратын колледж оқушыларының жағдайларын тексеру мақсатында оқу орындарында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылатын болады.

Мәселен, Ақтөбе облысында орта арнайы мекемелерде — 21182 студент, 1972 немесе 9,3% жатақханаларда, және 2060 (9,7%) жалдамалы пәтерлерде тұрады.

Пікір қалдырыңыз