Шымкенттен білікті діндарлар шақырған Ақтөбе облысының бас имамы оларға билік тарапынан жағдай жасалатынын жеткізді

Ақтөбе облысына білікті діни маман тарту мақсатында жергілікті имамдар ОҚО өкілдігімен тәжірибе алмасты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Екі жақты сұхбат барысында деструктивті діни ағымдардың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар сөз болып, кеңінен талқыланды. Өкіл имам Төлеби Оспан облыста осы бағытта атқарылып жатырған істер мен имамдарға жергілікті әкімдік тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды да тілге тиек етті.

Өкіл имам облыстағы кейбір аудан мешіттеріндегі діни қызметтің сапасын арттыру үшін білікті де білімді діни мамандар қажет екендігін алға тарта отырып, облысқа келген имамдарға нақты қандай жағдай жасалатындығын атап өтті.

Фото: Muftyat.kz

Пікір қалдырыңыз