Ақтөбелік спорт мамандарына допингке қарсы семинар өткізіліп жатыр

Ақтөбелік спорт мамандарына допингке қарсы семинар өткізіліп жатыр

Жоғары білікті мамандардың қатысуымен өткізіліп жатқан шара екі күнге созылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Шара аясында спорттық медицинаның негізгі міндеттері мен өзекті мәселелері талқыланады деп жоспарланған. Спортшының шынығуы барысында немесе жарыс кезінде жарақат алған сәттерде шұғыл көмек көрсету шаралары, дұрыс тамақтану жолдары жан-жақты түсіндіріледі.

Ақтөбе облысының Олимпиада резервін даярлау орталығында өтіп жатырған семинарға спорт дәрігерлері, жаттықтырушылар, медицина, массажист және басқада мамандар қатысады.

Пікір қалдырыңыз