Түнгі Ақтөбенің балалары: Жергілікті билік олардың ата-аналарының тізімін жариялады


Ақтөбе билігі түнімен көше кезетін балалардың ата-аналарының тізімін жариялады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қала әкімдігі мен жергілікті полиция 14-17 ақпан аралығында өткен «Түнгі қаладағы балалар» рейдінің қорытындысын шығарды.

«Төрт күн бойы ата-аналарынсыз көшелерде және көңіл көтеру орындарында болған үшін полиция учакесіне 68 кәмелетке толмағандар қамауға алынды. Олардың ішінде 1 студент, 27 оқушы және 40 колледж студенттері бар», — деп хабарлады қала әкімдігінен.

Ақтөбе техникалық, политехникалық, жол және құрылыс-монтаж колледждерінің оқушылары тәртіп сақшыларының назарына жиі іліккен. №37, 5, 3, 19, 40, 47, 61 мектеп оқушылары да тәртіп бұзған.

Әр факт бойынша ата-аналар полиция учаскелеріне шақырылып, әкімшілік шаралар қабылданды.

Балаларына дұрыс қарамаған ата-аналардың тізімін мына сілтеме арқылы біле аласыздар: akt.gov.kz

Пікір қалдырыңыз