Салықшылардың «тонап жатқанын» айтқан мүгедек кәсіпкер Сапарбаевтан көмек сұрады

Салықшылардың «тонап жатқанын» айтқан мүгедек кәсіпкер Сапарбаевтан көмек сұрады

Ақтөбелік кәсіпкер жылап тұрып облыс әкімінен араша сұрады. Айтуынша, мүгедек баласымен бірлесіп ашқан кәсібіне қысым көбейіп кеткен.

«Мен өзім екінші топ мүгедегімін. Отбасымызбен шағын кәсіп ашып едік. Бізге тоқтаусыз айыппұл салып, қысым көрсетіп жатыр. Мен мүгедек екенмін деп бір жерден ештеңе сұрағым келмейді. Балам да бірінші топ мүгедегі. Екеуміз несие алып, кәсіп ашқан болатынбыз. Бірақ маза бермей отыр. Қысым көрсетіп, жұмыс жасатар емес. Салықшылар төлемді бір күнге кешіктіргеніміз үшін 700 мың теңге айыппұл салды. Осы жағдайдан кейін қиналып қалдық. Еш жерден ақша алмай өмір сүргім келеді, маған көмектесіңізші. Мен өте шаршап кеттім»,-деді қала тұрғыны Қалия Нысанбаева.

Әкімнің есебіне келіп көмек сұраған тұрғынның мәселесін Бердібек Сапарбаев сол жерде отырған құқық қорғау органдарына тапсырды. Шара қолдану үшін мәселені анықтау керек екенін айтты.

Пікір қалдырыңыз