Еңбек жолын Ақтөбе драма театрында бастаған актриса Алтын Ружеваның туғанына биыл 90 жыл

Белгілі актер, таяуда Гогольдің «Ревизорында» басты рөлдердің бірін сомдап кеткен Болат Әбділмановтың анасы алғашқы қызметін Ақтөбе музыка драма театрында бастаған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ата-анасы да өнер саласында екенін айтқан талантты актер Ақтөбеге жиен екенін жеткізді. Ақтөбе облысының Байғанин ауданында дүниеге келген Болат Әбділмановтың анасы Алтын Ружева өнер саласындағы алғашқы қадамын Т.Ахтанов атындағы драма театрында бастаған. Соғыстың аяқталар тұсында оқуын аяқтаған білікті маман бірнеше жыл өнер ордасында қызмет атқарған.

«Өнер маған ананың сүті, әкенің қанымен дарыды десек болады. Ата-анам Алтын Ружева мен Оразғали Әбділманов халық әртістері. Өзім Алматы жақта өскеніммен, Ақтөбеге жиен болып келемін», — деді Болат Әбділманов.

Биыл Алтын Ружеваның туғанына 90 жыл толады.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз