Ақтөбелік дизайнерге намаз оқитын қыздар ұлттық киімдерге тапсырыс беріп жатыр

Ақтөбелік дизайнерге намаз оқитын қыздар ұлттық киімдерге тапсырыс беріп жатыр

Қазақша тігілген ұлттық киімдермен Италия, Испания секілді алпауыт елдерді мойындатып, сән әлемінің бас жүлдесін жеңіп келген ақтөбелік дизайнер ұлттық киімге сұраныстың артқанын айтты.

«Маған ұлттық киімдер тіккен ұнайды. Жеті жыл бұрын тұрмысқа шыққан кезімде ұлттық үлгідегі жоғары сапада тігілген қалыңдық көйлектерін табу қиын болатын. Мата сатып алып, өзім қалаған көйлекті тігіп, ұлттық оюлармен әшекейледім. Сол кезде көйлегіме қызыққандар көп болды. Ұлттық құндылықтарға деген қызығушылық халықта жоқ емес. Тек сонны оята білу керек. Қазақтың киімдері әдемі. Шетелге барғанда біздің киімімізге қызығатындар көп. Дубайға барғанда біздің балалар қызыл кілемнің үстінен төрт рет жүріп өтті. Басқалар бір рет қана өткен болатын. Олардың бізді жібергілері келген жоқ. Қазақтың ұлттық киіміне жоғары баға берді», — дизайнер Сәбина Жанзақова.

Оның айтуынша, дін жолындағы қыздар да ұлттық киімдерге қызығушылық таныта бастаған.

«Бізге намаз оқитын қыздар келеді. Киімдерінің сәнді, жабық, қазақы үлгіде тігілгенін қалайды. Қазақша кәжекейлер тіктіреді. Өзің тігіп отырып қызығасың. Нағыз қазақтың қыздары болып тұрады. Және олар көшеде бетін бүркеп жүргендерден әдемі көрінеді. Орамалдарға да ұлттық элементтер салынады. Жалпы дін жолында жүрген мұсылман қыздардан да сұраныс бар», — дейді дизайнер.

Пікір қалдырыңыз