Ақтөбеде подъездерде түнеп келген қостанайлық жүкті әйелдің құжаттары дайын болды


Ақтөбеде айға жуық уақыт көшеде, кейін подъездерде түнеген Татьяна Экштейннің денсаулығы жақсарып, құжаттары да дайын болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, ауыр халде Аналар үйін тауып келген қостанайлық бойжеткеннің қазіргі таңда денсаулығы қалыпты. Төлқұжаттары дайындалып, ауруханаға тіркеуге алынған.

«Төлқұжаттары рәсімделді. Барлық жағдайын жасап, жаңа киімдер алып бердік. Ауруханаға тіркеуге қойдық. Енді тек босануын күтіп отырмыз. Босанған соң Қостанайға барғысы келмейді. Осы Ақтөбеде қалып, аспаз болып жұмысқа кіргісі келеді», — дейді Аналар үйінің басшысы Таңсұлу Лакова.

Пікір қалдырыңыз