Бердібек Сапарбаев: Ақтөбе шын мәнінде құтты мекенге айналуы керек

Бердібек Сапарбаев: Ақтөбе шын мәнінде құтты мекенге айналуы керек

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың есеп беру кездесуіне келген «Ақтөбе қайырымды жандар» еріктілер тобының белсенді мүшесі Еламан Байғозин он жылдық жоспарды сұрады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Өнер орталығында есеп берді. Оған облыс автиві түгел жиналды. Аудандар тікелей желі арқылы байланысқа шықты. Ақтөбе қаласының тұрғыны, еріктілер тобының мүшесі Еламан Байғозин алдағы он жылдық жоспарды сұрады.

«Ақтөбе Қазақстандағы төртінші қала болуы керек. Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы. Өткен жылы «Ақтөбе —құтты мекен» акциясы жарияланды. Себебі, Ақтөбенің құтты мекен болуға барлық мүмкіндігі жетеді. Тарихы, халқы, жағдайы бар. Бәрін бірігіп пайдаланса, 7-8 жылдан кейін нағыз құтты мекен, қонақтардың сүйіп, қуанып келетін қаласына айналады деп ойлаймын», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Пікір қалдырыңыз