Ақтөбе тұрғыны облыстың бұрынғы басшысы Сағындықовты болашақты болжай алатын балгерге теңеді

Ақтөбе тұрғыны облыстың бұрынғы басшысы Сағындықовты болашақты болжай алатын балгерге теңеді

Ақтөбеде облысы әкімінің есебіне келген тұрғындар Бердібек Сапарбаевқа алғыс айтумен болды. Негізінен жеке сұрақтарды көтерген олар баспана мәселесін тағы да айтты. Тұрғындардың арасында Ақтөбе облысының бұрынғы әкімін көріпкелге теңегендер де болды.

«Елеусін Сағындықов құрдасым журналистермен баспасөз маслихатын өткізгенде Сапарбаев Ақтөбенің бағына келген адам деп айтып еді. Сол Сағындықов құрдасым балгер ма, бақсы ма, сондай адам-ау деп ойлаймын. Себебі, солай болды. Менің қазір қойғалы тұрған екі сұрағым бар: Өрлеу ауылының жолы мен суын реттеп беруіңізді сұраймын. Жауыр болған сұрақ, шешілмей тұр. Тағы бір өтінішім, халық саны 2000- нан асатын Өрлеу ауылын Қурайлы селосынан бөліп беберуді сұраймын», — деді ақтөбелік тұрғын.

Облыс әкімі өңірде жасалған жұмыстарды тізбелеп берді, бір сағаттан аса уақыт тұрғындар сауалын тыңдады.

«Құрметті жерлестер, мені көп мақтап жібердіңіздер. Оған рахмет. Жасалып жатқан жұмыстар менің ғана емес, әріптестердің де еңбегі. Барлығымыз бірігіп жұмыс жасайтын болсақ жағдайымыз жаман болмайды. Сұрақтардың барлығын бақылауға аламыз. Баспасөз арқылы жауап алатын боласыздар. Пәтер мәселесі заңға сәйкес кезекпен беріледі. Бәрін түсінеміз, әркім тұрмысын жақсартқысы келеді, ауылдан қалаға көшіп келеді. Кезекке тұрып, тезірек бер дейді. Сондықтан бәрі заң аясында болады», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

 

Пікір қалдырыңыз