Ақтөбе облысында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жаңғыртылады

Ақтөбе облысында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жаңғыртылады

2018 жылдың наурыз айында Ақтөбе облысында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жаңғыртылады. Бұл туралы өңір басшысы Бердібек Сапарбаев тұрғындармен есептік кездесуі кезінде мәлімдеді.

«Президент тапсырмасы бойынша 2016 жылдың күзінде Бас прокуратурамен бірлесе «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асырылып, нәтижесіне халық оң баға берген болатын. Жоба үш рет жаңғыртылды, осы жылдың наурыз айында оны жүзеге асыру жұмыстары жалғасатын болады», — деді облыс әкімі.

Жобаның өңір тұрғындарының маңызды мәселелерін нақты шешуге бағытталған төрт «десанты» аясында облыс аудандарында 400 мың адамды қамтыған 7 мың іс-шара өткізілді. Облыстың 14,5 мыңнан аса тұрғынана 4,2 млрд теңгеге көмек көрсетілді. 317 жұмыссыз жұмысқа орналасып, 83 хирургиялық ота жасалды, 1 500-ден аса адам ем алды. 1,2 миллиард теңгеге 164 бизнес жоба қаржыландырылды.

Бұдан басқа, жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде қылмыс деңгейі азайды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген қылмыстар саны 19,4% азайған, оның ішінде ауыр қылмыс 11,2%, орташа ауырлықтағы қылмыстар 21,1%, ұрлық 21%, бұзақылық 20%.

Пікір қалдырыңыз